Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Жалғыз өзім қиналып кетсем тұрмысқа шығуым да мүмкін (фото)

Тұрмыс құруым мүмкін! Бұл Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Меруерт Түсіпбаеваның болашаққа деген болжамы.

Осы уақытқа дейін бір мәрте некеде болып, бір баланың анасы атанған әншінің жұбайымен дәм-тұзы жараспаған-ды! Алайда, бүгінде қырықтың қырқасына шығып, елуді еңсеруге сәл қалған өнер иесі жалғыздықтың тек жаратқанға ғана жарасқанын жақсы біледі.

«Мүмкін тұрмысқа шығатын шығармын, балам есейіп, 20 жылдан кейін. Қартайғанда бір шал керек шығар бәлкім. Қиналып кетсем…» (күледі),- дейді келер шаққа үлкен үмітпен қарайтын Меруерт xаным.

Алайда, Түсіпбаева тұрмыс құрса, жүрегінің жартысын жұмбақ жанға айналдыруы әбден мүмкін. Өйткені, Меруерт ханым құпия түрде қалыңдық атанса, болашақ отағасының рұқсатынсыз жан баласына жақ ашпаймын деп отыр.

«Егер менің күйеуім айтса: жоқ біз жасырамыз, мен көрінбай-ақ қояйын, тып-тыныш қоя салайық, жабулы қазан жабулы күйінде қалсын десе, онда мен күйеуімнің көңіліне қараймын»,- дейді әнші.

Иә, бүгінде сүйіктісін жолықтырып үлгермесе де, бір қызығы қиялындағы азаматқа билікті беріп қойған. Әншінің әр қадамы күйеуінің қалауымен болмақ. Алайда, Меруерт ханымның бір басы екеу болып жатса, өнер иесі жеке өміріндегі қуанышты хабардарды халықпен бөлісуге құштар-ақ. Әрине, жолдасының келісімен ғана. Өйткені, өнер иесін жұбатар жалғыз ғана мысал бар. Түсіпбаеваның айтуынша отандық шоу-бизнесте екі мәрте тұрмыс құрып, жұбайын жарнамалап жүрген жалғыз мен емес деп отыр.

«Мысалы, бізде бар ғой жаңа ғана күйеуге тиер-тиместен қолынан ұстап, ертіп тұрып жүр ғой әр жерде. Ел алдына шығып, белсенді түрде күйеулеріне жарнама жасап. Егер менің күйеуім, жоқ сен неге мені көрсетпейсің десе айтқанын істеймін», – дейді Түсіпбаева.

Тағы да оқыңыз:

Жақын туысы “той жасай алмадың” деп Төреғалиді ұятқа қалдырған (фото)

Мұқасан Шахзадаев тұңғыш рет жұбайын көрсетті

Асылхан Төлепов бойдақтық өмірімен қош айтыспақ (фото)

БАҚ Рената Литвинова мен Земфираның үйленгенін жариялады

Талқылау