Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева енді телеарна продюсерін сотқа бермек

Күні кеше дизайнер Жадомен татуласқан әнші Меруерт Түсіпбаева “Время” газетінің тілшісі Оксана Василенкоға сұхбат беріп, сәнгер екеуінің арасына от салған телеарна продюсерін сотқа беретінін мәлімдеді.

тусипбаева8059

Оның айтуынша, бұл істе ол да, дизайнер Жадо да құрбан, ал негізгі кінәлі адам – телепродюсер Мақпал Қаратайқызы.

“Біз Жадыра екеуміз де бұл істе құрбанбыз. Біз өз бағдарламасының рейтингін ойлаған телепродюсер Мақпал Қаратайқызы ұйымдастырған қастықтың жетегінде кетіп қалдық. Бізді жанжалға итермелеген сол. Кезінде мен оның “Жеті нота” бағдарламасына сын айтқанмын, меніңше ол осылайша менен кек алуды көздеген”, – дейді Түсіпбаева.

Әнші жуырда Мысыр еліне аттанбақ. Демалыстан келгеннен кейін ол телепродюсерді сотқа беруді көздеп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева Дубайдағы ең қымбат “Версаче” қонақ үйінде демалып жатыр (видео)

Қыдырәлі Болмановтың “Бал-бала” ойыншықтары Қытайда сатылатын болды (видео)

Қарақат Әбілдина Димашты уақытында бағаламағандарды сынап тастады

“Димаш” есімі брендке айналатын болды

Талқылау