"Мерседес" командасының пилоты "Формула-1" маусымындағы алғашқы Гран-при жарысын жеңіп алды
Фото: Getty Images
"Формула-1" жарысының осы маусымдағы алғашқы жеңісіне Mercedes командасының пилоты Джордж Расселл қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Расселл 15 маусым күні Монреаль қаласындағы Жиль Вильнёв атындағы автодромда өткен Канада Гран-приінде жеңіске жетті.
Расселл поул-позициядан бастап, жарысты сенімді түрде өткізді және Red Bull командасының өкілі Макс Ферстаппеннің шабуылдарына төтеп берді. Бұл – британдық спортшының 2025 жылғы маусымдағы алғашқы әрі жалпы мансабындағы төртінші жеңісі.
Үшінші орынды Mercedes командасының жас пилоты Кими Антонелли иеленді. Ол "Формула-1"-дегі алғашқы подиумына көтерілді.
Жарыс барысында McLaren пилоттары Ландо Норрис пен Оскар Пиастри соқтығысып қалды. Соның салдарынан Норрис жарысты аяқтай алмай, жағдайға кінәлі екенін мойындады.
Мәреден кейін Red Bull командасы Расселлдің жеңісіне байланысты наразылық білдірді. Алайда төрешілер бұл шағымды қанағаттандырмай, нәтижені күшінде қалдырды.
Айта кетейік, Канададағы жеңіс Mercedes командасының конструкторлар кубогындағы позициясын күшейтіп, Джордж Расселлдің жекелей есептегі ұпай қорын толықтырды.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
