Мерекелік дастарқан басында уланудан қалай сақтануға болады – Денсаулық сақтау министрлігі кеңес берді
Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлері ұлттық тағамдардан дәм татқанда уланудың алдын алу жолдары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kopilka-kulinara.ru
Наурыз мейрамы кезінде дастархан молынан жайылып, наурыз-көже, сүтті сусындар, ет өнімдері, салаттар секілді тез бұзылатын тағамдар қойылады. Министрлік азық-түлікпен байланысты улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді.
"Қоғамдық тамақтану орындарын мұқият таңдау. Өздеріңіз барып көрген немесе туыстар мен достарыңыз ұсынған, жақсы беделге ие мекемелерге барған жөн. Термикалық өңдеуді қажет етпейтін тағамдарды, әсіресе, теңіз өнімдерін тапсырыс беруден және тұтынудан бас тарту керек. Дәмханадан алып кеткен тамақ қалдықтарын үйде туыстарға ұсынбау қажет", – делінген министрлік хабарламасында.
- Өнімдерді сатып алғанда, олардың жасалған және жарамдылық мерзіміне, сапа мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуына, сақтау және сату шарттарына мән беру.
- Көшедегі рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік алмауға тырысу.
Сондай-ақ іс-шара ұйымдастырушылары мен тамақтану орындарының иелеріне:
- Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу
- Медицина тексерісінен өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жібермеу
- Қызметкерлерді уақтылы медициналық тексеруден өткізу
- Жеткілікті жағдайлар мен кеңістік болмаған жағдайда тағамдар ассортиментін қысқарту
Өнімдердің сақтау мерзімін қатаң сақтау ұсынылады.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында ішек инфекциясын жұқтырғандар саны 17-ге жеткенін жаздық. Дәрігерлер жағдайы ауыр деп бағаланған бір бүлдіршінді санитарлық авиация арқылы облыстық ауруханаға ауыстырды.