Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мерекеге орай балаларға таратқан: Ақтауда тегін балмұздаққа таласқан ересектер бір-бірін таптай жаздады

Фото: Желі кадрларынан скрин

Ақтауда Балаларды қорғау күнінде тегін таратылған балмұздаққа таласқан ересектер бір-бірін таптай жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балаларды қорғау күніне орай қалада балаларды тегін балмұздақпен қуантуға шешім қабылданды. Алайда бұл ересектер арасында дүрбелең тудырып, тіпті балмұздақ тұрған сөрені сындыра жаздады.

Бр-бірін таптай жаздап таласып жатқан халықтың видеосы желіде тарады. Жұртшылық видео астында бұлай ұйымдастыруды құптамады.



“Әкімшілік бұған тыйым салуы керек. Оданда кең жерде керемет ойындар ойнай алатындай етіп ұйымдастырса, жақсы болар еді. Мынадай қорқынышты адамдар арасында емес”, “Балаларға қарағанда ересектер көп!”, “Масқара, ұят емес пе!”, “Ересектер бұларың не, сонша осы үшін ыстықта балаларды ұстап”, “Мұндай тобырда балаларды қинағанша, 200 теңгеге сатып ала салғаным жақсы”, “Балмұздақ көрмеген бе? Сонша ашығыпты”, -деп жазды желі жұрты.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 01 Маусым, 2025 14:55
Талқылау