"Менсіз ұйықтамайды": Айым Сейтметова күйеуінің бірінші некеден туған балалары жайлы
Айым Сейтметова күйеуінің бірінші некеден туған балаларымен қандай ара-қатынаста екенін айтты. Актриса әлі ана атанып үлгермесе де, күйеуінің перзенттерін өз баласындай көретінін жеткізді.

Бұл туралы Stan.kz Алматы арнасының "Папарацци" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Күніге хабарласып тұрамыз. Үнемі жазып, звондап тұрады. "Мені алып кетші, әкесіз қыдыра берейік", – дейді. Жылы қарым-қатынастамыз. Төртеуміз бір жаққа ұшатын болсақ, балалар менің жаныма, ал әкелері бөлек отырады. Менсіз ұйықтамайды. Балаларды өте қатты жақсы көремін, олар да мені жақсы көреді", – деп бар сырын ақтарды Айым.
Өзгенің баласына қарағанымен, актриса тұрмысқа шыққаннан кейін балалы болуға асықпаған. Отау құрғаннан кейінгі алғашқы жылды күйеуі екеуі бір-біріне арнауды жөн көріпті.
"Енді балалы болуға дайынбыз", – деп бөлісті Айым.
Айта кетейік, Айымның жолдасы Талғат Итаев кәсіпкер, блогер. Ол Айымнан 12 жасқа үлкен.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін