Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менмендік көрсетпеу керек: Әріптестері Төреғалиға павлодарлық қарияны тауып алуға кеңес берді

Төреғалидың Керекудегі келеңсіз жайттан кейін, басынан дау арылмай келеді. Әншінің Павлодарда өткен кешінде егде жастағы тыңдарманымен теке-тірескені халыққа да жақпады, отандық шоу-бизнестегі танымалдар да әлі күнге дейін талқыға салып жатыр. Бұл жолы «Ұлы дала баласының» басынан өткен жайсыз жағдайға қатысты Есболат Беделхан өз пікірін білдірді.

төреғали төреәлі

Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген «Орда» тобының әншісі, Төреғалиды қолдамайтынын айтады.

«Егер мен сахнаның үстінде тұрып, бір адаммен ұрыссам, кейін қатемді түсінсем, әрине мен ол адамды іздеп тауып, кешірім сұрап, жаңағы көрермендер ренжіп жатса солардан ресми түрде кешіріп сұрайтын едім. Бәрі де солай болуы керек. Ешкім де ешқандай жұлдыздық, менмендік көрсетпеу керек», – дейді «Орда» тобының әншісі.

Ал өнерін құрметтеп, сыйлап келген тыңдармандар тосын жағдайға қалдырса, ақылмен шешуге кеңес берді.

«Бұл жерде концертте отырып алып, айқайлап, жаман пікір білдірген адамның қылығы да теріс. Сөз қайтарған Төреғалидың да жағынан терістік бар. Менің пікірім екі жақтан да терістік бар деп ойламын», – дейді әнші.

Есболаттың сөзіне сенсек, Төреғалидың шығармашылығына қызықпайтын болып шықты. Ал, атышулы әншіге қатысты жағымсыз жаңалықтардан ғаламтор арқылы хабардар болған.

«Негізі Төреғалидың шығармашылығын қатты бақыламаймын. Бірақ біз азбыз ғой. Кімнің не істеп жатқанын, барлығын көріп отырамыз. Бәрін білеміз. Жаңалықтардан естиміз. Мен барлығын естідім. Менің жеке ойым халықтан кешірім сұраса, елдің алдында шықса – ол ерлік», – дейді Есболат.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін «Орда» тобының әншілері мен Төреғалидың арасында талай мәрте кикілжіңдер орын алған еді. Тіпті әкесі Төреәлінің Дастан Оразбековпен жұдырықтасуға дейін барғанын отандық БАҚ өкілдері жарыса жазған болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: 

20 картинасы Лувр мұражайына қойылған қазақстандық қыз

Мәдина Сәдуақасова құрылысы бітпеген үйге қонаққа кіріп, үй иелерін таңғалдырған

Нұржан Керменбаев: Әйеліме деген сезімім балалы болғаннан кейін оянды

Аузына келгенін айтады: “Бақытты әйел” бағдарламасының редакторы жүргізушілердің эфирден тыс қандай екенін айтты

 

 

 

 

Талқылау