Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова құрылысы бітпеген үйге қонаққа кіріп, үй иелерін таңғалдырған

Мәдина Сәдуақасова үйіңізге кіріп барса, таңғалмаңыз! Себебі әнші қалаңызға гастрөлдетіп барған кезде кез келген үйге қонақ болып баруы мүмкін. Ақкөңіл Мәдина бұл қылығын дәстүрге айналдырмақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

мадина садуақасова

Маңғыстау өңіріне сапарлап барған әнші құрылысы бітпеген үйге кіріп, үй иелерін таңғалдырған. Қызықты хикаясын Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында баяндады.

“Маңғыстау облысы, Шетпе кенті… Осы жерге келісімен көзіме түскен бір шаңыраққа нан ауыз тиюге кіріп шықтым. Иелері аң таң. Стройка жүріп жатыр екен, соған қарамастан үйге кіріңіз, ет асамыз деп, апыл ғұпыл боп жатты. Қонақжайлы қазағым-ай. Жаңаөзендіктер, ертең Сіздерге, күтіңіздер”, – деп жазды ол.

Бұдан бөлек, әнші бұл қылығын дәстүрге айналдыратынын жеткізді.

“Күшті екен. Дәстүрге айналдырамын. Үйлеріңізге Мәдина Сәдуақасова келіп жатса таңғалмаңыздар”, – деді ол.

Желі оқырмандары әншінің қарапайымдылығына тәнті болды. Көпшілік “өзгелер де сенен үлгі алса” деп ақ тілегін жеткізді.

Тағы оқыңыз: 

Нұржан Керменбаев: Әйеліме деген сезімім балалы болғаннан кейін оянды

Жақындары Гүлзира Айдарбекованың туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)

Аузына келгенін айтады: “Бақытты әйел” бағдарламасының редакторы жүргізушілердің эфирден тыс қандай екенін айтты

Асанәлі Әшімовтің келіншегі абыз актердің бұрынғы әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Талқылау