“Менің жолым – абсолютті чемпиондық атаққа апарар жол”: Ангелина Лукас WBA Gold белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас 14 қараша күні Мысыр астанасында WBA Gold World нұсқасы бойынша жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның қарсыласы АҚШ елінің өкілі Кэтрин Рене Линдемут.
“Ассалаумағалейкум, достар! Келесі жекпе-жегімнің уақыты белгілі болды. Яғни14 қараша, Каирде Орталық стадионда болады. Мен рингте АҚШ спортшысы Кэтрин Рене Линдемутқа қарсы қолғап түйістіремін. WBA бұл қарсыласты маған бекітті, мен толық дайынмын. Осы жеңіс арқылы еліміздің туы Каир аспанында желбіресін деп тілеймін!" – деді Лукас әлеуметтік желіде.
Ангелина Лукас қазіргі таңда әлемдік рейтингте 2-орынға тұрақтаған. Сондай-ақ ол бұл айқастан кейін абсолютті чемпион америкалық Габриэла Фундораға қарсы жекпе-жек ұйымдастыруды мақсат етіп отыр.
“Габриэла Фундора менімен айқастан қашып жүр. Бірақ мен оны қуып жетемін! Менің жолым – абсолютті чемпиондық атаққа апарар жол. Бұл менің басты арманым!" – дейді боксшы.
Айта кетейік, Ангелина Лукас маусым айында Таразда чилилік Даниэла Асенхоны жұдырықтасып, алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?