Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менің тарапыма қарай айтылатын хейтке көзқарасым оң — Еркін Тапалов

Еркін ТапаловФото:ҰОК

Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық “Қайрат” клубының қорғаушысы Еркін Тапалов соңғы уақытта өзіне бағытталған сын-пікірлерге қатысты ойын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Футболшының Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары жиі талқыға түсіп, түрлі пікірлер мен сынға ұшырап жүр. Осыған байланысты ол хейтке деген көзқарасының оң екенін және сынды дұрыс қабылдайтынын айтты.

    “Шынымды айтсам, инстаға жазған дүнием Threads-қа кетіп қалады екен ғой, мен оны білмедім (күлді). Ал былай хейт айтылады береді, көзқарасым оң”, –  деді Еркін Тапалов.

Айта кетейік, Еркін Тапалов оралдық Ақжайық клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2011 жылы “Ақжайықта бастап, тоғыз маусым өнер көрсетті. Әр жылдары Жетісу, Каспий, Шахтёр, Тұран, Қызылжар және Тобыл клубтарының намысын қорғаған.


Дастан Сәтпаев “Қайрат” – “Тобыл” матчына қатыспайды


Алматыға Дастан Сәтпаев үшін “Челси” өкілдері келді


2024 жылдың қарашасында ол Қайрат клубымен келісімшартқа қол қойды. Өткен маусымда 19 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы ойындарына қатысты.

Ақерке Өмірхан
Сенбі, 28 Ақпан, 2026 02:43