"Менің сұранысымнан кейін қор жабылды": Заңгер Айгүл Орынбек Айнұр Тұрсынбаеваны сынады
Фото: Stan.kz
Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қорына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң саласының маманы Перизат Қайрат басқаратын қор секілді айтыскер ақынның қорын да тексеруді талап етті.
“Айдың Нұрын қоры дәл Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек деп талап етемін.
Қанды Қаңтар оқиғасының алдында халықтан аямай ақша жиналды. Ал Қаңтардан кейін менің тексерсін деген сұранысыммен кейін артынша қор жабыла салды. Бұл үлкен күдік тудырады. Біздің елде саны көп, бірақ сапасы жоқ, бақылаусыз қорлар жетерлік. Кейбір әкімдер мен шенеуніктер тіпті кәсіпкерлерден “заңды түрде” ақша жинау үшін арнайы қор ашып алған. Яғни, параны айналып өтіп, қор арқылы алады. Қайырымдылықты желеу еткен жалған қорларды жабатын уақыт келді. Мемлекет қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, ақша жымқыруға жол беріп отырғандарға нақты шара қолдануға тиіс”, – деп жазды заңгер.
Айта кетейік, Астанада волонтер Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы волонтерды 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 22 шілдеде сот жарыссөзі басталды. Прокурор Мадина Оразалина қайырымдылық атын жамылып пайда көргісі келетіндерге үндеу жолдады.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
