Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менің өліміме кінәлі: Ақтөбелік азамат кеудесіне тергеушінің есімін жазды

Бауыржан Өнерзақ тергеу изоляторында кеудесіне тілгілеп тергеушінің есімін жазды, деп жазады timeskz.kz.

 322b05c6cd19a796664dd7fbdddc3146

25 маусым күні Ақтөбеде «Strike» түнгі клубында жанжал болып, соңы пышақтасуға дейін барған. Соның салдарынан екі адам жарақат алды.

Бауыржанның әйелі Аринаның айтуынша, екі күннен соң күйеуінің іздеуде екенін естіп таңғалады. Сосын бірден адвокатқа хабарласады. Адвокаты тергеушіге хабарласып, оқиғаны анықтауды сұрайды. Тергеуші бос емес болғандықтан адвокатпен тек бір апта өткен соң байланысқа шығады.

Кейіннін полицейлер хабарласып, Бауыржанның қашып жүрмегеніне көз жеткізу үшін кездесуі керек екенін айтады. Бауыржан адвокаттың кеңсесіне келеді. Ол жерде полицейлер күтіп отырған. Олар Бауыржанға басшылықты тыныштандыру үшін бөлімшеге баруы керек екенін айтады. Олар «сен куәгер ретінде барасың, сені төбелесте күдікті деп санамайды» деп ескертеді. ІІД-де Бауыржанжы жібермей, қамап қояды.

«Екі ай бұрын күйеуімді түрмеге қамады. Оған дейін ешқандай тергеу болған жоқ. Егер болған болса, оның күдікті емес, куәгер екенін білетін еді. Күйеуімді құтқару үшін мен желіге жаза бастадым, қалалық прокуратураға хабарластым. Астанадағы Бас прокуратураға да бармақ болдым», – дейді әйелі.

«Қамау мерзімі аяқталғанда оны тағы бір ай ұстайтындарын айтты. Келесі күні Бауыржанның аштық жариялағанын естідім. Ол кеудесіне: «Менің өліміме тергеуші Картиенова кінәлі деп жазды. Бұл қарсылық белгісі. Оны қоғамнан аластатты. Сөзіне ешкім құлақ аспады», – дейді Аруна.

Бауыржан 28 тамыз күні аштық жариялап, үш күн ас-су ішкен жоқ. 30 тамыз күні сот тыңдалымы болды.

«Сот төрешісі Алданов істі оқып, мұндағы шикілікке көзі жетті. Прокурорларға айқайлап, Бауыржанды үй жағдайына босатуды талап етті. Үйге әкелген соң оның жағдайы оңала бастады. Алайда кеудесіндегі жазу қалып қойды. Сот төрешісіне алғысымызды айтамыз. Ол күйеуімнің өмірін арашалап қалды», – дейді әйелі.

Үй қамақ мерзімі бір ай. Қазір Бауыржанның үйінен шығуына, тілшілермен сөйлесуіне тыйым салынған.

Оқиға болған жерде түсірілен видео сараптамаға жіберілді. Онда Бауыржанның қолында пышақ жоқ екені байқалады.

«Адамды аштыққа дейін жібермей, бұдан ертерек осылай тексеру жасауға болатын еді ғой», – деп күйінеді әйелі Аруна Жұбанова.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шығатын болды

Маңғыстауда әуелі сүйген қызын, артынша өзін атып өлтірген жігіттің әріптесі сотталды

Талқылау