Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Менің әйелім болады: Тәуекел Мүсілім келесі жылы үйленетінін мәлімдеді
Әнші Батыр Байназаров пен актер Артур Төлепов өз сүйіктісін тауып, біраз уақыт бұрын шаңырақ көтерді. Олардың фанаттары көз жасын төгіп жүргенде сүйікті жұлдыздары бірінен соң бірі бойдақтық өмірмен қоштасуда. Ендігі танымал актер Тәуекел Мүсілімнің де кезегі келген тәрізді.
Бұл туралы HIT TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ел арасында Тәуекелдің сүйіктілері туралы көптеген қауесет тараған еді. Алайда бұл мәселеде нүктені Тәуекелдің өзі қойды.
«Иә, Тәуекел Мүсілім ресми түрде өз сүйіктісін тапты. Үйлену туралы жоспарлауға әлі ерте. Әзірге келесі жылы деп отырмын. Алайда нақты айы мен күнін білмеймін», – дейді актер.
Сондай-ақ, актер сүйіктісінің танымал әріптестерінің қатарынан емес екенін айтты. Тіпті, отбасын құрғаннан кейін де оның көпшілікке танымал тұлға емес, өзінің жұбайы болып қалғанын қалайтынын жасармады.
«Ол көпшілікке танымал адам емес. Болашақта шаңырақ көтергеннен кейін ол ел алдына шығатын танымал адам емес, менің әйелім болады. Мұнда кереметтей қиындықтар болады деп ойламаймын», – дейді Тәуекел.
Айта кетсек, Тәуекел Мүсілім бұған дейін өзінен бірнеше жас кіші сүйіктісі туралы айтқан еді. Артынша оның бейтаныс арумен құшақтасып түскен суреттері пайда болды.