"Менің атымнан жауап беріп жатыр": Raim оқырмандарын алаяқтардан сақ болуға шақырды
Танымал хитмен, әнші Raim оқырмандарына күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/raimusican/
Өнер иесі өзінің атынан жалған парақша ашып, оқырмандарымен хат алмасып отыратын алаяқтарға ескерту жасады.
“Менде TikTok қосымшасы және TikTok парақшасы жоқ. Менің атымнан сурет, видео салып немесе менің атымнан сөйлеп, жауап беріп жатқан адамдарға сенбеңіздер. Raim деген парақшалардың ешқайсысына менің қатысым жоқ", – деп сақтандырды әнші.
-
"Желкеңнен түсіріп алады": Ерке Есмахан дөрекі қарым-қатынас жасайтын тыңдармандарына ескерту жасады
Еске салайық, әншінің жары Ерке Есмахан жалған парақшалардан балаларына қатысты ақпарат тарататындарды сынағанын жазған едік.
“ТikTok парақшамыз жоқ болғасын, жалған ақпаратты кеш естіп қалдық. Оны біреу қолымен жазып, таратқаны белгілі. Әкесі екеуіміз жылап, жүрегіміз қақ айырылды. Әкесі табамын деп кірісіп еді, парақшасын өшіріп үлгерді. Бірақ істі аяқсыз қалдырмаймыз. Адамдар, өтініш, сіздерге! Істеген істеріңізге абай болыңыздаршы! Қазақ деген керім халық деп айтамыз, атымызға затымыз сай болсын!”, – деген еді әнші.
Сондай-ақ Ерке Есмахан атын пайдаланып курс жасайтындарды жауапқа тартатынын ескерткен еді.