"Менің атым Қожа" фильмінің басты кейіпкері, актер Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті
Коллаж Stan.kz
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
Нұрлан Сегізбаев – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды.
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
"Өмірге өкпем жоқ": Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов соңғы сұхбатында не айтты
Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды.
Нұрлан Санжарұлы соңғы жылдары ауырып жүрген. Оған созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-дәрежесі диагнозы қойылған. Бұл дерт тыныс жолдарындағы ауа ағынын шектеп, дем алуды қиындатады. Дәрігерлер биылғы сәуір айында оның жағдайы ауыр екенін айтып, небәрі бірнеше айы қалғанын мәлімдеген.
Ауруына қарамастан, ол өз кітаптары және жобаларымен жұмыс істеуді тоқтатпады.
Сегізбаев ұзақ жылдар бойы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде дәріс берді. Ол ондаған жас журналист пен авторды тәрбиелеп шығарды, драматургия мен телевизияға арналған еңбектер мен тарихи романдар жазды.
Еске салсақ, жуырда актер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеден өткен еді.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады