Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Билл Гейтсті көруді мен армандаған едім": Қазақстандық миллионер жарына қызыға қарайтынын жасырмады

Анар Рақымбаева Билл Гейтспен кездестіФото: Айдын Рақымбаевтың желідегі парақшасынан

Танымал қазақстандық кәсіпкер Айдын Рақымбаевтың жұбайы Анар Рақымбаева Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысып, Билл Гейтспен жеке кездесуге мүмкіндік алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдын Рақымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайының Давосқа ЮНИСЕФ желісі арқылы барғанын жазды. Бірнеше кездесуден кейін Анар Рахимбаева Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең ірі қайырымдылық жасаушылардың бірі Билл Гейтспен өтетін жабық форматтағы түскі асқа шақырылған 15 меценаттың қатарына енген.

"Тек танысып қана қоймай, еліміздегі балаларға арналған жобаларымыз туралы айтып берді. Сол үшін оны АҚШ-та өтетін үлкен іс-шараға шақырды. Нағыз найманның келіні, арғынның қызы", – деп атап өтті кәсіпкер.

Айдын Рақымбаев әзіл-шыны аралас Билл Гейтспен танысу оның көптен бергі арманы екенін айтты. Ал жұбайы ол үшін арнайы фото жасап, шақырту да алып келгенін жеткізген.



Еске салайық, бұған дейін әйгілі мультимиллиардер Билл Гейтс байлығын балаларына мұра етіп қалдырмайтынын айтты. Оның сөзінше, балалары жақсы тәрбие мен білім алғанымен, байлығының бір пайызынан да аз бөлігін ғана алады. Гейтс үлкен мұра балаларына пайда әкелмейді деп есептейді және олардан Microsoft компаниясын басқаруды сұрамайтынын жеткізді. Айта кетейік, 69 жастағы кәсіпкердің бұрынғы жұбайы Мелиндамен үш баласы бар. БАҚ мәліметінше, Гейтстің дәулеті 101 млрд доллар деп бағаланады, ал оның 1 пайызының өзі 1 млрд доллардан асады.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 25 Қаңтар, 2026 18:10