"Менің адамым": Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жеке өміріндегі жаңалығын жария етті
Танымал әнші Ақбота-Нұр жеке өміріне қатысты жаңалықты жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Өнер иесі ақ көйлек киіп, түскен фотосын жүктеп, оқырмандарын қызықтырып қойды.
“Қош келдің өміріме, менің адамым" деген жазба қалдырды әнші.
Оған қоса актриса осы жылы ақ көйлек киіп үлгермегенімен, келер жылға үмітті екенін айтты.
"Биылдан кешіктім енді. Келер жылы бұйырса", – деп жазды ол.
-
"Құны – 7 миллион теңге": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова өзіне қымбат сыйлық жасады
-
"Маған да бұйырды": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесіне бақыт тілеп жатыр.
“Керемет актриса ғой, бағы ашылсын!”, “Нұрсұлтан Жақсыген емес па, болашақ күйеу бала?!”, "Ұстаған қолдарың ажырамасын", "Бақытты болыңыз", "Әр әйел бақытты болуға лайық", "Көп қиындық көрдіңіз. Енді бақытты болатын уақыт келді", "Махабаттарыңыз баянды болсын", "Ол жігіт кім болды екен?", "Қашан көпшілікке көрсетесіз", – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, актриса бұрынғы күйеуі, актер Дәурен Айдарқұловпен кеш жүргізіп, ел талқысына түскен еді.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
