Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менімен танысқанда 9 жаста еді": Абай Бегейдің әйелі қызын қимай жылап қалды

Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы жақында тұрмыс құрмақ. Өнер иесінің блогер келіншегі желіде әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/fari___za____zhan/

Өнер иесінің қызы өзінің туған жері Ақтау өңірінің келіні атанбақ. Желіде өнер иесінің екінші жұбайы қызын қимайтынын айтып, әсерлі жазба жариялады. 

“Неше күннен бері жүрегім алай-дүлей. Тақсырға көрсетпей жылап аламын. Симби қызым бақытты бол. Менімен танысканда 9 жасар құттай бөпе едің. Енді міне бой жетіп, өз теніңді тауып жатырсың. Аллам бақыт бергей", – деп жазды Фариза. 



Одан кейін қызымен сөйлескен хабарламаны да жариялап, көзді ашып-жұмғанша бойжеткен қызына бақыт тіледі. 

“Сенің осынша ерте кететініңді білгенде қасыма алып жататын едім", – деп жазған блогер. 

Еске салайық, "Көмекші алғанымды көре алмай жатыр" деген Абай Бегейдің әйелі халықтан оңбай сөз естіген еді. 

 

Талқылау