Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мені сүйгенің үшін сүйем: Алтынай Жорабаева күйеуі жайлы айтты

Алтынай  Жорабаева жолдасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады. Өмірін өзгерткені үшін, өзіне қамқоршы, қыздарына әке болғаны үшін алғысын айтты. 

"Әлеміме еніп, өмірімді өзгерткен жан. Туған күніңмен, жәннатым (Ин Шаа Алла). Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Екі дүниенің абыройын, бақытын берсін. Әйел бақытын сезіндірген, бойымдағы нәзіктік пен еркелікті оятқан қамқоршым. Осыдан біраз уақыт бұрын отбасылық өмірімді дәл бұлай елестете де алмас едім. Сен келдің де ертегіге айналдырдың.

Қыздарымның папамыз деп тұрғаны да, таңдауымның туралығын дәлелдеп тұрғандай. Мені сүйгенің үшін Сүйем. Қыздарымды жақсы көргенің үшін, жақсы көрем. Бір-бірімізді толықтырып қосылған бір бүтінбіз, Ин Ша Алла. Сен - Менсің! Мен - Сенмін!

Өзіңді Өзімдей жақсы көрем. Өзіме тілегенімді, қалағанымды саған да қалаймын. Тілегім жүрегімде. Армандарымыз дұғамда. Қалғаны жеке айтылар. Алла берген ғұмырын бірге кешуді жазсын, асыл жарым", - деп жазды Жорабаева парақшасында. 

Желі қолданушылары мен әнші құрбылары тілектестік білдіріп, құттықтасып жатыр. 

"Алишканың туған күні құтты болсын! Жәннатың аман болсын! Бақытты болыңдар!", - деп жазды Индира Расылхан.

"Ғұмырлы болсын", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

"Туған күні құтты болсын жарыңның, Алтуш. Бақытты болыңдар!", - деп жазды Мәдина Сәдуақасова. 

"Құтты болсын, Алтуша. Бақытты болыңдар, жаным", - Гүлнұр Оразымбетова. 

"Әр адам бақытты болуға жаралған. Алтынай жан жарынызбен әрқашан бақытты болыныздар!!!", "Торсықтай ұл сыйлаңыз. Бақыт тілеймін", деп жазды желідегілер.


"Мына министр қазақ халқын басынып отыр": Әншілер жынысты тегін ауыстыруға рұқсат берді деп Алексей Цойға қарсы шықты

Талқылау