Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені шын жақсы көрсе, қолдан ыстық нан жабады": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қойған талабын айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзіне келіндерінің қалай құрмет көрсететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Медиа менеджер келіндерін жер-көкке сыйғызбай мақтады. 

“Келіндеріме айтқанмын ғой, әзілдеп “Егер де мені шын сағынсаңдар, дастархандарыңнан білемін” деп. Әзірге қолдан ыстық нан, бауырсақ, шайды қолдың сүтінен бастап, салаттарға дейін өздері дайындап күтіп жүр. Лайым осы қалпынан таймасын деп тілейік”, – деп жазды продюсер. 



Айта кетейік, Гүлзира Үсенқызы келіндеріне үй тірлігінен бастап, бәрін үйреткенін айтқан еді. 

“Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?! Қай жаққа кетсем де, осы сәтті сағынамын. Отбасымен ыстық ұямызда жиналып, қалған бар талқылауды ақылдасамыз”, – деп жазды продюсер. 

Талқылау