Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені көрген күннен "Мама" деді": Тамара Асар өгей ұлына жазба арнады

тамара асарФото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Белгілі әнші Тамара Асар жолдасының бірінші некесінен туған ұлына арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі осыдан бес жыл бұрын бір баласы бар азаматқа тұрмысқа шыққан еді. 

“Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз! Ажартайдың ақасы! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен “мама” деп атаған сеніміңе рахмет, балам. Өміріміз дәл осы суреттегідей сұлу болсын! Әмин”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, Тамара Асар не себепті жеті күнде тұрмысқа шыққанын түсіндірген еді. 

“Танысар сәтте "қандай әдемі әйел, мына әйелге мен үйленем" деп айтып қалған сөзінің соңынан жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн яғни қасымда отырып, әкем тірі кезі еді, оған онлайн видео қоңырау шалып "Біз үйленіп жатырмыз" деді. Әкем рұқсатын берді. Сосын әкем көп ұзамай қайтыс болды. Үн шығармай күтуге тура келді. Пандемия басталып кетті. Сосын жар салып жария қылмадық. Анамның талабы солай болды. Некеміз Ақшұқырда әкемнің шаңырағында қиылды. Менің туыстарым да, оның туыстары да, бірге жанында жүрген дос-жұмыстастары да бұл жайында білмеді. Тойымыз бес адаммен, құдалығымыз алты адаммен өтті”, – деген еді әнші. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 10:37
Талқылау