Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менде ондай ақша жоқ": Астана тұрғыны өзін тойға шақырмауды өтініп, видеоүндеу жариялады

Видеодан скрин

Бибігүл есімді Астана тұрғыны өзін тойларға шақырмауды өтініп, видеоүндеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеода жас қыз тойға баруға көп уақыт пен ақша кететінін айтып, шағымданды.

"Мені тойға шақырмауды ұсынар едім, себебі менде оған ақша жоқ. Түсініп отырсыздар ғой, мен әр апта сайын кемінде бір шақыру аламын. Мен оларды тіпті ашпаймын, себебі ішінде не барын білемін. Қазірге дейін оннан астам шақырту алдым. Бұл менің қалтама ауыр тиіп жатыр", – дейді қыз видеода.


Қазақстандықтар той мен отбасылық мерекелерге жылына 1 миллион теңге жұмсайды – Зерттеу

"Түскен ақшамен жабамыз деп оңбай қателестік": Қазақстандықтар несие алып той жасап, миллиондап қарызға батқан (видео)


Сонымен қатар астаналық қыз көбіне тойлардың түрлі қалаларда өтетіні және әр тойға жеке киім таңдау қажет екені жағдайды одан әрі қиындататынын атап өтті. Бұған қарамастан, ол әрдайым жаңа отау құрған жастарға қуанышты екенін айтып, мүмкіндігі болса тойларға қатысатынын, бірақ қаржылық жүктеме өте үлкен болғандықтан барлық тойға бара алмайтынын айтады.

Еске салсақ, бұған дейін депутат Қазақстанда үйлену тойын өткізу үшін несие беруге тыйым салуды ұсынған еді.

еще все они в РАЗНЫХ городах Казахстана 😭😭😭🙏🙏🙏 и еще к каждому надо покупать отдельные платья, извинитесь

♬ original sound - Bibigul Abt

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 23:05
Талқылау
`