Нағыз ғажап: 8 жыл бойы сөйлемеген бала анасына тіл қатты

Әлемде қуаныш пен бақыттың өлшемі жоқ. Әсіресе, ана бақытының. Атырауда дүниеге келгелі 8 жыл ешкіммен сөйлеспеген бала бір ақ сәтте анасына «мама, мен сені жақсы көремін!» депті. Осы бір ауыз сөз Эльмира Лұқпанова үшін өмірінің ең үлкен жаңалығына айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

"Қолындағы нәрсесіне қуанып, "мама, мама" деп кірді. Артынша "мама, мен сені жақсы көремін" деп айтты. Не болғанын өзім де түсінбей қалып, қайталашы деп айттым", - деді Эльмира Лұқпанова.

Анасы жылдар бойы баласының сөйлегенін естігісі келген. Бұған дейін баланың тілі тек ағылшын әріптеріне келіпті. 

"Ағылшынның әріптерін үйреттік, оның барлығын айтып шығады, бірақ басқаша тіл қатпайды", - деп қосты Эльмира. 

8жасар Айбектің туғанынан психикалық дамуында бөгеліс бар көрінеді. Ата-анасы ұлын өткен жылдан бастап арнайы оңалту орталығына беріпті. Ұлының аяқ астынан сөйлеуі осы орталықтағы қызметкерлердің жемісі дейді қуанышын жасыра алмаған ана. Бұл отбасының тағы бір баласы Азат та аутизм дертіне шалдыққан. Анасы Азаттың өте байырмал және сезімтал екендігін айтты. Дегенмен ол барлық адамды жақын қабылдай бермейді екен, ал қонаққа барған үйдің аурасы ұнамаса Азат баспананың табалдырығын аттамай қоятын көрінеді. Балаларының бойынан байқалған кез келген өзгеріс біз үшін үлкен қуаныш дейді Эльмира. 


Тағы оқыңыз


"Басқалары түсінбей шығар, бірақ мен үшін бұл үлкен дәреже, үлкен бақыт", - деді балалардың анасы. 

Бұл отбасында бір қыз, екі ұл бар. Ерекше ұлдарды тәрбиелеп отырған отбасы өмірге өкпелері жоқ екендігін айтады. Отбасының отағасы Айбек Лұқпанов - қарапайым электрик. Айбектің баратын оңалту орталығына айына 165 мың теңге төлейтінін де жасырмады. Ал жақында көліктерін баспана алу үшін сатып жіберген көрінеді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақ аруы» байқауының тәжі қанша тұрады? Баян Алагөзова құпияны ашты

Іріктеуден өту үшін тамыр-танысына хабарласып, не қомақты ақша ұсынатындар да көп

Коронавирус Біріккен Араб Әмірліктеріне жетті

Жергілікті тұрғын ауруды жұқтырып алған

АҚШ коронавирусқа шалдыққан науқасты роботтың көмегімен емдеуде

Бұл жағдай ауру таралуының алдын алу үшін жасалып отырған көрінеді

Алғашқы 100 пайдаланушыға бонустар: АТФБанк кәсіпке арналған жаңа қосымшаны іске қосады

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады

Bek Air билет ақшасын қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады

9 ақпанға дейін Bek Air рейстерінің тоқтатылғаны туралы хабарланды

Супруга с известной фамилией. Что известно о новом после в России Ермеке Кошербаеве и его семье?

Шашын 8 жыл жумаған қыз алған әсерін бөлісті

Бойжеткен: Шашым тез өсе бастады

Иті өз иесін қытайлық індеттен аман алып қалған

Әйел Уханьға барып қайтпақшы болған, бірақ иті оның төлқұжатын кеміріп тастапты

Ұшақтың зиянынан ұяламыз: Еуропалықтар ұшаққа отырудан бас тартуда

Еуропада қоршаған ортаны қорғау қозғалысы барған сайын танымал бола бастады

Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкері жүкті әйелді босандырып алды

Әйелдің ауруханаға барар жолда толғағы басталыпты
Çàãðóçêà...