Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы ауылда мектеп психологі педофилді түрмеге жапты

Алматы облысының Матай ауылында оқушы қыздың педофилдің құрбан болғанын анықтаған мектеп психологінің еңбегі елеусіз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Жанна Ахметова есімді желі пайдаланушысының парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысындағы ауылда мектеп психологі педофилді түрмеге жапты. Оны марапаттау керек

Жанна Ахметова оқушыны педофилден құтқарып қалған мұғалімнің еңбегі елеусіз қалғанын айтады. Ол психологті марапаттап, Жаңа жыл қарсаңында құттықтауды ұсынды. 

"Екі баланы аман алып қалды, оған тіпті грамота да берілмеді. Бұл әділ емес! Мен оны Қазақстаннан "Әлем мұғалімі" атағына ұсынар едім. Керемет адам. Алматы облысындағы Матай ауылында тұрады, оның есімі Ажар Дүйсенбекова. Матай орта мектебінде 11 жыл мұғалім және мектеп психологі болып жұмыс істейді. Тұрмыста, үш баласы бар. Ол - батыл адам!" - деді Ахметова. 

2018 жылдың қыркүйегінде жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталғанда Ажар Дүйсенбекова бір оқушы қыздың өзін жайсыз сезініп жүргенін байқайды. Жетінші сынып оқушысы Сәуленің (есімі өзгертілген - ред.) мінез-құлқы түбегейлі өзгерген. Үнемі белсенді, көңілді қыз танымастай өзгеріп шыға келген. 

Мұғалім мектеп психологі ретінде шұғыл түрде бірнеше жасырын сауалнама жүргізді.

"Мен кімнің қай жерде отырғанын есіме сақтап қойдым, қатарлардың арасында жүріп, профильдерді мұқият қарап, әрі қарай анықтадым", - дейді психолог.

Сауалнаманы зерттегеннен кейін ол Сәуленің басынан сұмдық жайт өткенін түсінеді. Содан кейін Ажар Дүйсенбекова бір топ қызды жинап, олармен жыныстық қатынас туралы әңгіме құрады. Әңгімелесу барысында Сәулені бақылап отырған мұғалімнің күдігі расталады.

Мұғалім оқушымен жеке әңгімелескенде, ол жылап отырып, өзін ер адам зорлағанын мойындады. Сонымен қатар ол қорқытып, ұрып-соғып, мазақ етіп, қыз бала тіс жарса, оны масқаралап, бүкіл отбасын өлтіремін деп қорқытқан. 

Әдетте дамыған елдерде мұғалім дереу полиция шақыртады. Бірақ төрт мың тұрғыны ғана бар және бір-бірін жақсы танитын ауылда әр шаңырақтың астында болып жатқан жағдайлар жасырын күйде қалады. Дегенмен ұстазы Ажар Дүйсенбекова қыз бала мен ата-анасын істі сотқа дейін жеткізуге көндірді. Сот барысында педагог тағы бір жасөспірім қыздың сол педофилдің құрбаны болғанын анықтайды. Істің қаралуы ұзаққа созылып, ешкімге оңай соқпады. Нәтижесінде қылмыскер 16 жылға сотталды", - деп жазады Фейсбуктың белсенді қолданушысы.

"Өкінішке қарай, бізде мұндай қылмыстардың жазасының ең ұзақ мерзімі осындай, - деп өкінішін білдіреді Жанна Ахметова. Мүмкін зардап шеккендер саны бұдан да көп болған шығар, бірақ бұл жабулы күйінде қалды".

Жанна Ахметованың айтуынша, қазір қыздар Матайды тастап, колледжге оқуға түсті. Олар бәрін ұмытып, қайтадан толыққанды өмір сүруге тырысуда.

Мектеп мұғалімі әрі психологі Ажар Дүйсенбекова өзінің ауылдық мектебінде жұмысын істеп жатыр. 

Жанна Ахметова осыған байланысты шенеуніктерді мектеп психологінің еңбегін елеп, марапаттауды ұсынды. Әріптестеріне тәжірибесімен бөлісіп, үлгі алуға шақырды. 

"Оны марапаттап, жоғарлату керек және басқа әріптестеріне балалардың мінезін, тәртібін қадағалап, іштіндегі қиындықты сезе білуге ​​үйрету керек. Бізде өздерін мектеп психологіміз деп атайтындар көп. Ал Ажар ештеңеге шағымданбайды, балаларды үнсіз және жанқиярлықпен құтқарады. Асхат Аймағамбетов, назар салыңыз! Мұрат Жалелұлы, Мұрат Өрімханов, мұғалімге алғыс айтуларыңыз керек. Амандық Ғаббасұлы Амандақ Баталов, оны жаңа жылмен құттықтап, лайықты сыйлық берейік! Рахмет, Ажар Болатбекқызы!". - деп жазды Ахметова.

Талқылау