"Мен үшін Роза Рымбаева кешірім сұрады": Айгүл Иманбаева жас кезінде жіберген қатеcін есіне алды
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева басынан өткен қызық оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, жол ережесіне бағынбайтынын жасырмады. Сөзінше, Роза Рымбаеваның үйінен қайтып келе жатқанда жол патрульдік полициясы тоқтатқан.
“Екеуміз шай ішіп болғасын ол дүкенге барып келейік деді. Роза Қуанышқызы қасымда отыр, мен көлік айдап келе жатырмын. Бұрылуға болмайтын қос жолақты жолда келе жатырмыз. "Қасымда Роза ханым бар ғой, ұстап алса, жауап береді" деп бұрыла салдым. Артымнан жол полициясы қуып келді. Көліктен түскен жоқпын, әлемді тіреп тұрған адамдай отырмын. Терезені ғана аштым. Роза Қуанышқызы жауап береді деп отырмын ғой. Бір қарасам, Роза Қуанышқызы қасымда жоқ. Көліктен түсіп кеткен. Ол жаңағы жол полициясымен сөйлесіп тұр. "Ол жас қой деп" мен үшін кешірім сұрап жатыр. Бұл оның кішіпейілдігін көрсетеді. Аңызға айналып кеткен адам болса да, өте кішіпейіл", – деді өнер иесі.
-
"Ең маңыздысы – күйзеліске түспей, сауатты өту": Айгүл Иманбаева мүшел жасқа қатысты ойын бөлісті
-
"Жасамағаным көп": Айгүл Иманбаеваның жазбасы көпшілікті ойландырды
Айта кетейік, Айгүл Иманбаева қонақ шақырып, көршілердің мазасын алғанын жазған едік.
“Мазасыз көршім полиция шақырып, отырысты ерте аяқтауға тура келді. Айгүл Елшібаева концертті үйдің алдында жалғастырған. Полиция келіп, бір ән салуымыз кем болып қалды. Аттың басын жіберген отырыс болды”, – деген еді әнші.