"Мен үшін ғана жалдады": Дина Төлепбергенге күйеуі ерекше тосынсый жасады
Белгілі журналист Дина Төлепберген күйеуінің ерекше тосынсый жасағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Медиа өкілі өміріне жақсы дағды қалыптастырғанын жасырмады.
“Достар, бәріңізге сәлем! Менің жаңадан пайда болған бір күшті әдетім бар. Ол – түскі үзіліс кезінде кинотеатрға келу. Осы аптада мен екі фильм көрмекпін. Оның біріншісі – қазақ рэпі жөніндегі Shulamah деп аталатын отандық кино, екіншісі – NASA-ның маркетингі туралы тарихи туынды. Күйеуім маған сюрприз жасапты, бүгін шынын айтқанда бүкіл залды мен үшін жалдапты. Сондықтан да бүгін осы кинотеатрда бір ғана көрермен және үлкен экран. Романтика!", – деп қуанды тележүргізуші.
Айта кетейік, медиа өкілі күйеуі фотосын көрсетіп, көпшілікке таныстыруға рұқсат етпейтінін айтқан еді.
Біздің үйде мен ғана – жұлдызбын. Күйеуім өзі туралы мәліметті жария еткенімді қаламайды. “Сенің атағың мен абыройың бар, маған ол қызық емес. Сені жұлдыз болғаның үшін жақсы көрген жоқпын” деді. Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, көп жерде жолдасымның фотосын көрсетіп, мәлімет салған емеспін.
Еске салайық, "Ажырасу көбейеді" деп Дина Төлепберген несиеге қатысты заңға пікір білдірген еді.