Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен тумаймын деп айқайладым": Гүлнәр Сілбаева ұлын өмірге қалай әкелгенін айтты

Қазақстандық актриса, КВН-ші Гүлнәр Сілбаева жақында ана атанды. Ұл баланың анасы атанған жас ана босану сәтіндегі қиындықтарын мен қызықтарын айтты. 

Гүлнәр Сілбаева бір ұлдың анасы атанды. Актриса жолдасы екеуі ата-ана атанып, халықтан сүйінші сұрады. Кейінгі жазбасында ол ұл баланы өмірге қалай әкелгенін айтты.

“Мен перзентханада 4 күн жаттым. Төртінші күні дәрігерлер маған жеңіл босану үшін түрлі дәрі беріп жатты. Мен оларға бекерге әуре болып жатырсыңдар, мен бәрібір тумаймын дедім. Бір сәтте қашып кеткім келді. Маған физикалық тұрғыдада, психологиялық тұрғыда да қиын болды”, – дейді актриса.

Әзілкештің айтуынша, оны аяқ астынан отаға алып, босануға дайындаған. 



“Мен жолдасыма хабарласып едім, ол тұтқаны көтермеді. Мен хабарлама жазып үлгердім. “Қымбаттым, мені кесарь тілігін жасауға алып кетті. Баламыз өмірге келе жатыр” деп жаздым. Осыдан соң 20 минуттан кейін медбикелер ұлымның өмірге келгенін айтты”, – деді Сілбаева. 

“Сен бүгін туылуың керек еді. Бірақ екі ай уақыт бұрын тудың. Бұл керемет әлемге қош келдің, Зейін, біздің кішкентай баламыз. Әкең екеуміз сені күттік. Сен де бізге асыққан шығарсың”, – деді актриса. 

Актриса ұлын екі ай бұрын дұниеге әкелді. Алайда қуаныштың ерте-кеші жоқ. Жаңалықта естіген әріптестері, өнер өкілдері мен желідегі оқырманы құтты болсын айтты. 

Талқылау