Мен мұндайды кимес едім: Баян Луинаның киіміне қатысты пікір білдірді (видео)
Қанша ұрыс естісе де жалаңаштанудан шаршамайтын Луина тағы да бұрынғы әдетіне басты. Оның жарты денесін айшықтап тұрған қысқа көйлегі желіде қызу талқыға түсті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Желідегілер Луинаны халықтың сөзіне құлақ аспастан, жартылай жалаңаш күйде жүретіні үшін сынап жатыр.
“Осыны кім тыңдайды? Халықты бір грамм сыйламайды”, “Мүлдем шешіне салмадың ба”, “Екі жеріңе жапырақ жабыстырып, киім кимей шыға салуың керек еді. Бірақ бір күні сенен ол да шығады”, – деп сынады желідегілер.
Бұл ретте продюсер Баян Есентаева да өз пікірін білдірді. Ол:
“Ұят. Қалай ұялмайсыз? Мен мұндайды ешқашан кимес едім”, – деп жазды.
Алайда продюсер бұл сөзін астарлы мысқылмен айтқан ұқсайды. Себебі Луина оған берген жауабында ризашылығын білдірген.
Жіберіп алмаңыз:
Голливудты бағындырды: Қазақстандық биші Софи АҚШ-та клипке түсті (видео)
Медеу Арынбаев бірнеше жылдан бері үйленбей жүруінің сырын ашты
Дженнер VS Айсәуле: Танымал қазақ қыздары шетел жұлдыздарына еліктеуге неге құмар? (фото)
Ақбота мен Дәуреннің қандай сериалға түсіп жатқаны белгілі болды