"Мен қазағыма жау емеспін": Руслан Берденовке қолдау білдірген Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Сәкен Майғазиев оқ тиіп жарақаттанған әкімнің орынбасарына қолдау білдіремін деп халықтан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесіне оқырмандары “әкім болғасын жақтап жатсың” деп шүйліккен.
"Кімнің қандай лауазымда болғаны мен үшін маңызды емес. Оны бірінші Алла біледі және мені жақын танып, жақсы білетіндер растайды. Мен ұлтын, мемлекетін, ата-анасын, отбасын сүйген жанды биік бағалаймын. Бай-бағланың да, триллионер, миллионер де маған еш нәрсесін бөліп бермейтінін білемін. Дәмеленбеймін де. Мен адам алаламайтын жанмын", – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ әнші Шерзат Полаттың оқиғасында пікір білдірмедің деп сынағандарға да жауап берді. 2024 жылдың 12 қазанында Шерзат туралы да жазғанын еске салып, жазбаның скринін жариялады.
“Шерзат туралы пікір жазбағандардан отписка" деп атой салып жатқанда, "мен жаздым ғой" деп ақталуға арландым. Қазір жазуымды мәжбүрлеп жатқан жандардың қарасы көп екен. Мен қазағыма жау емеспін. Қазақ халқы үшін күніне кем дегенде 5 рет Алладан дұға тілеймін. Имандай шыным. Қалғаны құқық қорғау органдардың құзырында", – деп түйіндеді әнші.
Еске салайық, Еске салсақ, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенітуралы хабарлаған едік.

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
