Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен еркін әйелмін": Мақпал Исабекова алғаш рет ажырасқанын мәлімдеді

Мақпал Исабекова алғаш рет ажырасқанын мәлімдедіФото: instagram.com/makosyai

Танымал әнші Мақпал Исабекова тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында алғаш рет ажырасқаны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші бұрынғы күйеуімен былтыр ақпанда ресми түрде ажырасқан. Өнер иесінің сөзінше, бүгінде олар сөйлеспейді. 

“Бір бір жағынан бар, екінші жағынан жоқ. Шынында, бұл өте символикалық жағдай. Өмірімдегі үлкен оқиғалардың бәрі – алғашқы жүктілігім, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс – бәрі 14 ақпанда болған. Ал 14 ақпанда мен сіздерге өзімді еркін әйел екенімді жарияладым. Махаббат хикаяларының бәрі әдемі басталады ғой. Ешкім тұрмысқа шығарда ажырасамын деп ойламайды”, – деді ол.

Мақпал Исабекова күйеуінің жүзін неліктен көпшілікке көрсетпегенін де түсіндірді. Әншінің айтуынша, экс-күйеуі оған “Маған әлдекімдер саусағын шошайтып, “О, бұл Мақпал Исабекованың күйеуі” дегенін қаламаймын” деп ашық айтқан. 

“Маған жазылушыларым үнемі “Неге күйеуіңіздің жүзін көрсетпейсіз?” деп жазатын. Бірақ ол адам көпшілік алдында болуды қаламады, бұл – оның құқығы. Мен оның таңдауын құрметтедім”, – дейді ол.

Мақпал Исабекова бұрынғы күйеуімен арада өзара түсініспеушіліктер болғанын да жасырмады.

“Мен әдетте кез келген адаммен ортақ тіл табыса аламын. Біреумен танысу, сөйлесу мен үшін қиын емес, адамдармен қарым-қатынас жасаудан ешқашан қорықпаймын. Бірақ дәл күйеуіммен қарым-қатынаста қиындық болды. Бізде диалог жоқ, тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да. Біз сөйлесе алмаймыз”, – деді ол.


"Адамның бетіне былш еткізеді": Мақпал Исабекова жеке өмірін сұрайтындарға ренжіді

"Мен оның тоқалымын": Мақпал Исабекова күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді


Айта кетейік, Мақпал Исабекова – танымал қазақстандық әнші. Ол “Ноябрь”, “Слепой дождь” әндерімен танылған. Өнер иесі 2021 жылы тұрмысқа шықты. Бүгінде оның бір ұл, бір қызы бар.

Еске салайық, бұған дейін демалыстан оралған Мақпал Исабекова ауруханаға түсіп қалғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 18:36