AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен де қазақпын": Рамзан Қадыров Ресейдің Қазақстанды құтқарғаны жайлы мәлімдемесін түсіндіріп берді

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Ресейдің Қазақстанды құтқару туралы мәлімдемесінен кейін бейнеүндеу жариялады. Ол мәлімдемесінің қазақ халқына еш қатысы жоқ екенін, ал арандатушылар сөзін бұрмалағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

рамзан

"Мен де қазақпын. Менің әкем Қазақстанда дүниеге келген, менің атам Қазақстанда жұмыс істеді. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен ешуақытта қазақ халқы туралы жаман нәрсе айтқан емеспін. Тек жалпы саясат туралы айттым. Мен өзіме немесе басқа біреуге қазақтарға қатысты жағымсыз мәлімдеме жасауына жол бермеймін. Қазақстан 1944 жылы шешендерге соңғы нанын үзіп берген. Өзін құрметтейтін кез келген шешен осындай ойда. Одан да біздің қарым-қатынасымызға іріткі салып, тақырыпты ушықтырған арандатушыларды іздеңдер", – деді Рамзан Қадыров. 



Осылайша Шешенстан президенті кей блогердің өз атағын шығарғысы келді дейді. Сонымен қатар ол қазақ халқы үшін әр уақытта дұға жасап, алғыс айтатынын мәлімдеді. 

"Менің бейнеүндеуімде мен саясат туралы, ҰҚШҰ мен мемлекеттің саяси ұстанымы туралы айттым, халық туралы емес.
Мен қазақ халқын жақсы көремін. Алғысым шексіз. Мен ғана емес, ата-бабамыз, барлық шешендер. Әр уақытта қазақтар үшін дұға етіп, алғыс айтамыз. Арамызда жарнама жасағысы келетін, арзан мәлімдеме таратқандар болмау үшін бір-бірімізге жылы сөздер айтайықшы. Егер Қазақстанға көмек керек болса, қазақ халқының жанына бірінші болып тұрамын", – деді Қадыров. 

Айта кетейік, бұған дейін Рамзан Қадыров өз бейнеүндеуінде Ресейдің Қазақстанның егемендігін сақтап қалуға көмектескенін айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр