Кремль ҰҚШҰ-ны Украинадағы соғысқа тарту туралы сұраққа жауап берді
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының күштерін Украинадағы әскери әрекеттерге тарту мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жоқ бұл опция қарастырылмады", - деді Песков.
Сонымен бірге ол ұйымның маңыздылығын атап өтті.
"ҰҚШҰ таяу уақытта өзінің тиімділігін, жеделдігі мен қажеттілігін көрсетті. ҰҚШҰ-ны дамыту – сыртқы саясат саласындағы басымдықтарымыздың бірі", – деді ол.
Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады