Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен де әділ бағасын берер едім": Бағлан Әбдірайымов қызының "Қазақстан дауысы" жобасына қатысуы туралы

Бағлан Әбдірайымовтың қызы "Қазақстан дауысы. Балалар" жобасына қатысып, жобаның көрмей тыңдау кезеңінен өте алмады. Әділ-қазылар алқасы Айқаракөздің әкесі кім екенін білмеген. Ал Әбдірайымовтің өзі мұны дұрыс санайды. Себебі өзге балаларға әділетсіздік жасалар еді, дейді өзі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Әділ-қазылар алқасының қатарында отырсам, мен де осылай әділ бағасын берер едім. Айтуға да болар еді. Барлығы өнердегі аға-бауыр, достарым ғой. 

Бірақ көзі қырағы, шын өнерді түсінетін тыңдармандардан ыңғайсыз болады. Өйткені эфирге дейін Айқаракөздің кімнің қызы екені айтылды. Егер бірден қарап, өткізіп жіберсе, әңгімеге ұшырайсың. 

"Міне, қыз кішкене қобалжып еді. Бағланның қызы болғаннан кейін өтіп кетті. Біздің таныс-тамырымыз болмағандықтан, балаларымыз өте алмады" деп сынға қалар едік",-  деп ағынан жарылды Бағлан.

Әншінің қызы да әкесінің пікіріне қосылды. Ол сахнада неге жылағанын түсіндірді. 



"Сұхбат бергенде өзіме 99 пайыз сенімдімін дедім. Бірақ сахнаға шығып, маған жарық түсетін кезде қобалжу пайда болды. Менің ойымша, әкемнің айтпағаны дұрыс болды. Мен де әділ болғанын, әкемнің айтпағанын қаладым", - дейді ол.

Өнер жолында жүрген азаматтардың басым дені балаларының, әсіресе қыз баланың өнерге келгенін қаламайды. Ал Бағлан перзентіне шектеу қоймайды. Себебі: 

"Балалардың балалық шағын ұрламау керек. Арманына, қиялына шектеу қоймау керек деп ойлаймын. Қазір ән айтқысы келіп тұрғанмен, әлі мың құбылады. Мен өзім бала кезімде спортшы, журналист болғым келді. Әскери оқуға түскім келді. Сол сияқты қызым бүгін әнге қызықса, ертең дизайнерлікке не спортқа қызығуы мүмкін. Қазір математика мен ағылшыны жақсы. Сондықтан өзі таңдайды", - деді ол.

Айқаракөздің өзі әнші болғысы келетінін атап өтті. 

Талқылау