Мемлекеттік нөмірді қағазбен жауып көлік басқарған ер адам бір жылға жүргізуші құқығынан айырылды (видео)
Жуалы ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысында мемлекеттік тіркеу нөмірін жауып, көлік басқарған ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Құқық бұзушы Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар тас жолының 564-шақырымында тоқтатылған.
“Sitrak" маркалы көлігінің жүргізушісі мемлекеттік нөмірлердегі әріптерді қызыл қағазбен жауып тастаған. Ол Ташкенттен Алматы облысына тауар тасымалдап жүрген. Ер адамға қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін, олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолдана отырып көлiк басқару бойынша хаттама толтырылды”, – дейді полиция.
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, көлік айып тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша ер адам бір тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"