Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлер енді жұмыс уақытында мешітке бара алмауы мүмкін

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында діни жоралғыларға қатысуына шектеу қойылуы мүмкін.

astana-kazahstan-mechet

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Министр хабарлағандай, қазіргі уақытта діни қызмет пен діни ұйымдар туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының концепциясы әзірленіп жатыр.

“Қысқаша тоқталсам, негізгі нормалардың ішінде кәмелеттік жасқа толмағандарды діни қызметке тартудың, дін саласындағы заңдарды бұзудың жауапкершілігін арттыру бар. Сонымен бірге қоғам тарапынан діни әдебиетті кәмелеттік жасқа толмағандарға сату, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында діни қызметке қатысуына шектеу қоюды ұсынып отыр”, — деді Ермекбаев министрлікте өткен отырыста.

Министр атап өткендей, бірқатар өзгеріс діни әдебиетті тарату, діни сараптама жүргізуді жетілдіруге бағытталған. Бұдан бөлек, заң жобасында миссионерлік қызметті және шетелде діни білім алуды реттеу бойынша да нормалар қарастырылған.

“Қоғам ұсынып отырған барлық бастамалар қоғаммен, сарапшылармен талқыланатын болады. Заң жобасын мәжіліске биылғы жылдың соңына дейін енгізуді көздеп отырмыз”, — деп толықтырды Ермекбаев.

Оқи отырыңыз:

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Талқылау