Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлер енді жиі сыйақы алады: Жаңа ереже пайда болды

Мемлекеттік қызметкерлер енді жиі сыйақы алады: Жаңа ереже пайда болдыФото: Stan.kz

Үкіметтің жаңа қаулысында мемлекеттік қызметкерлерге сыйақының жиірек тағайындалатыны көрсетілген. Құжат 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы мен материалдық жәрдемақы ережелері жаңартылды. Өзгерістер сыйақы тағайындау негіздерінің тізімін кеңейтеді және басшылыққа төлемдерді бөлуде тәуелсіздік береді.

Жаңа ережеге сәйкес, сыйақы келесі жағдайларда төленуі мүмкін:

  • Қызметтік міндеттерді үлгілі орындағаны үшін;
  • Мелекеттік қызметті мінсіз атқарғаны үшін;
  • Ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағыны үшін;
  • Белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері үшін;
  • Мемлекеттік органның немесе оның бөлімшелерінің жұмысын тоқтататын шұғыл және алдын ала болжанбаған тапсырмаларды орындағаны үшін;
  • Президенттің, үкіметтің және премьер-министрдің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытында орындағаны үшін;
  • Қызметкердің тікелей міндеттеріне кірмейтін заң жобаларын, келісімдер мен басқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысқаны үшін.

Сонымен қатар сыйақы тағайындағанда мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері де ескеріледі.

Сыйақы тек қызметтік жетістіктерге ғана емес, мерекелік күндерге, мерейтойлық даталарға және қызметкерлердің жеке мерейтойларына да байланысты тағайындалуы мүмкін.

Енді мемлекеттік орган басшылары сыйақы тағайындау тәртібі, шарттары мен мөлшерін көрсететін өз нұсқаулықтарын енгізе алады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 04 Ақпан, 2026 12:14