Мемлекет бірқатар азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды тоқтатуы мүмкін
Мемлекет жұмыс істеуден бас тартқан аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік жәрдем бермеуі мүмкін. Бұл туралы КТК хабарлайды.
Жаңа жылдан бастап еңбекке жарамды қазақстандықтар жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуы тиіс. Егер олар бас тартатын болса, онда олардың отбасы мемлекет беретін жәрдемақыдан қағылады.
Осы себепті келер жылдан бастап елімізе әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіледі. Ол үш жәрдемақы түрін біріктірген: арнайы, балалар (ол отбасы табысына тәуелді) және мекен-жай бойынша көмек. Құжаттарды да жинау бір ізге түсіріледі. Қазір аз қамтылған отбасыларға берілетін ең төменгі жәрдемақы 6396 теңге. 2018 жылы оның көлемі 2,5 мың теңгеге артады. Ал мекен-жай бойынша көрсетілетін көмектердің игілігін кәмелетке толмаған балалар, бала қарап отырған аналар мен белгілі себеппен жұмыс істей алмайтын еңбекке жарамды азаматтар көре алады. Ал кімде кім жұмыс істеуден бас тартса онда ол адамға жәрдемақы берілмейді.
“Егер отбасында еңбекке жарамды азаматтар бар болса онда олар жұмыспен қамту бағдарламасына атсалысуы тиіс. Көрсетілетін көмектен бөлек оларды оқытып, жұмысқа тұрғызады. Ал егер қарсы болса онда мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек белгіленбейді, егерде өз еркімен бағдарламаға қатысудан бас тартса төлем түбегейлі тоқтатылад”, – деді министр Тамара Дүйсенова.
Оқи отырыңыз:
Алматыда трамвай рельстерінің орынына ұзындығы 7 шақырымнан асатын веложолдар салынбақ
Мойнында қарызы бар атышулы Үсеновтің шетелге қалай шыққаны белгілі болды
Қызылорда ыстығына шыдамаған алматылық қыз беташарда есінен танып құлады
Таразда «рентген әйел» дәрігер қайтарған науқастарды емдеп жүр (фото,видео)