Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Тоқаев өзінің баспасөз хатшысын ауыстырды

Фото: Видеодан скрин

Президент Тоқаев  баспасөз хатшысы Руслан Желдібайды қызметінен босатып, орнына Айбек Смадияровты тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұны Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Президенттің өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Руслан Желдібай  2022 жылы 14 сәуірде Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалған еді. Кейін ол 2023 жылы 5 қаңтарда президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. Ал Айбек Смадияров былтыр желтоқсан айында Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен. Сосын ол Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған. 

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026 09:27