Меруерт Өтекешова мен Тамара Асар "Халық әртісі" атағын алды
Фото: Ақорда
Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі саланың адамдарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақ берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнер өкілдерін марапаттады.
"Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Меруерт Өтекешова, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова "Қазақстанның халық әртісі" атағына лайық деп танылды", – деді Тоқаев.
Одан кейін мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.
-
"Мезгілсіз қаза": Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлы дүниеден озды
-
"Қаңқу сөз "өгей" десе де": Тамара Асар күйеуінің марқұм ұлына жазба арнады
Айта кетейік, қазан айының басында Тамара Асар күйеуінің бірінші некесінен туған ұлының дүниеден озғанын айтқан еді.
“Әлішерді жер қойнына тапсырдық. 22 жаста еді. 8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күні өтеді. Бәрі білсін – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүрек байланысы. Әлішер Тамара Асардың туған ұлы емес. Алайда осы жылдар ішінде туғандай болып кетті. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы. Жұмаш пен кішкентай қыздары – Ажардың ағасы.
Көп адам оның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр: Ақтөбеде көлік қағып кетті. Досының үйлену тойына барған еді”, – деп жазды Жан Мұқанов.
"Қандай жанталасты бастан кешкенімді сөзбен түсіндіру мүмкін емес": Қатерлі ісікті 3 рет жеңіп шыққан қазақстандық әйелдің оқиғасы көпті шабыттандырады