Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы спортқа қатысты жаңа заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бағытталған жаңа заңға қол қойды. Бұл құжат саланың болашағына айтарлықтай өзгерістер енгізіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Aqorda

Басым спорт түрлерінің тізімі
Уәкілетті орган республикалық және өңірлік деңгейдегі басым спорт түрлерінің тізімін жасайды. Сондай-ақ, жоғары жетістіктер спорты бойынша спорт түрлерін және оларды бюджеттен қаржыландыру тәртібін бекітеді.

Халықаралық нәтижеге негізделген іріктеу
Басым спорт түрлері халықаралық жарыстардағы (Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, Паразия ойындары) нәтижелерге және ұлттық спорт түрлеріне байланысты айқындалады.

Федерацияларды реттеу
Спорт федерацияларын аккредиттеу ережелері жаңартылды. Енді олар ұлттық және жергілікті федерациялар болып бөлінеді.

Легионерлерге шектеу
Шетелдік легионерлерді бюджет немесе квазимемлекеттік сектор қаражатынан қаржыландыруға тыйым салынады.

Бюджет қаржысының төрт бағыты
Мемлекеттік қаражат енді тек мыналарға жұмсалады:

  • Жоғары жетістіктер спорты (оның ішінде басым спорт түрлері),

  • Мемлекеттік спорт ұйымдарының қызметі,

  • Бұқаралық спорт,

  • Спорт инфрақұрылымын дамыту.

Ұлттық стандарттар
Заңға "спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары" ұғымы енгізілді. Бұл — спортшыларды ұлттық болмысқа сай тәрбиелеуді, дәстүрлі құндылықтарды насихаттауды мақсат етеді.

Допингке қарсы бақылау
Уәкілетті орган енді допинг ережелерін бұзғандарға қатысты шара қабылдау құқығына ие болды.

Бұл заң саладағы жауапкершілікті арттырып, ұлттық спортты қолдауға, халықаралық аренада табысты болуға бағытталған нақты қадам саналады.

Талқылау