Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Сәт Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағын берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевты марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: almaty.tv

Мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілді. 

“Президент жарлығымен Қазақстанға сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Сәт Тоқпақбаев – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі.

Сат Тоқпақбаев 1939 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. 

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Минскідегі КСРО КГБ № 302 жоғары мектебі және КСРО Сыртқы Істер Министрлігінің жоғары дипломатиялық мектебін бітірген. Генерал-полковник атағы бар. Әр жылдары Алматы және Алматы облысы бойынша ҰҚКБ-ҰҚКБ бастығы, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, президентінің күзет қызметінің бастығы қызметтерін атқарды. 

  • 1993-1995 жылдары Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды; 
  • 1995-1999 жылдары – Қазақстан Ұлттық ұланының қолбасшысы; 
  • 1999-2001 жылдары – Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметін атқарды; 
  • 1993-1995 жылдары – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды;
  • 1995-1999 жылдары – Қазақстан Ұлттық ұланының қолбасшысы; 
  • 1999-2001 жылдары – Қазақстанның Қорғаныс министрі болды. Кейін Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, Қазақстан президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі комиссияның басшысы қызметтерін атқарды. 

Сонымен қатар Сәт Тоқпақбаев IV шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты болды. 

Талқылау