Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Мемлекет басшысы бұл мерекенің тамыры тереңде жатқан достық, мейірімділік пен ынтымақтастық құндылықтарын қамтитынын алға тартты.

“Алғыс айту күні халқымыздың қиын-қыстау кезеңдерінде бірлік пен ынтымақты сақтай отырып, биік гуманистік мұраттарға адал болып, қай кезде де қайырымдылық пен жанашырлық танытқанын еске салады. Бүгінгі таңда елімізде әрбір азаматтың бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер мен ауқымды өзгерістер жағдайында қолдауы мен жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Осы мерекелі күні жерлестеріме адал еңбегі мен ұлтжандылығы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді”,- деді Тоқаев.

Президент сонымен қатар ел бірлігін нығайту арқылы кез келген қиындықтарды жеңіп, әділетті, гүлденген Қазақстанды құратынымызға сенім білдірді. Ол баршаға зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 01 Наурыз, 2023 08:51
Талқылау