Мемлекет басшысы Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысы Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, Пәкістанның шекарасына кіргеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.
Тоқаевты Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды.
Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар мемлекет басшысына қошемет көрсетті.
Ертең келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланбақ.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік