Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет Алматыдағы тау курорттарын біріктіруге 172 миллиард теңге жұмсамақ

Мемлекет Алматыдағы тау курорттарын біріктіруге 172 миллиард теңге жұмсамақФото: “Шымбұлақ”/2Gis

Алматыдағы “Шымбұлақ”, “Oi-Qaragai Lesnaya Skazka” және “Pioneer” тау курорттарын бірыңғай шаңғы аймағына біріктіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Курорттың аймақтарды біріктіру үшін үш шатқал арқылы арқанжолдар мен трассаларын салу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны – 171,8 миллиард теңге. Бұл қаражат жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінеді.

Үкімет 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерінің туризмін дамытудың кешенді жоспарын 2025 жылы 27 желтоқсанда бекітті. Құжатта Алматы тауларындағы қазіргі курорттар арқанжолдар мен трассаларда жүктеме жоғары екені көрсетілген. Осы кешеннің негізгі бөлігі ретінде біртұтас туристік аймақ құру көзделіп отыр. Ол Шымбұлақ шаңғы курорты, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka тау қонақ курорты және Pioneer тау-сауық кешенін Кімасар, Бутаков және Қотырбулак шатқалдары арқылы біріктіреді.

Арқанжолдардың саны 16-дан 45-ке, ал трассалардың ұзындығы 41 шақырымнан шамамен 112-162 шақырымға дейін ұлғайтылады деп жоспарлануда. Осы өзгерістер нәтижесінде курорттардың келушілерді қабылдау қарқыны күніне 6 мың адамнан 24 мың және одан да көп адамға дейін жетуі тиіс.

Жоспарға сәйкес, осы идеяны жүзеге асырудағы негізгі жоба – Алматы тау кластерінің Орталық аймағындағы арқанжолдар мен шаңғы трассалары. Оған “Нұрсұлтан” шыңы, “Сухой лог” шатқалы, Кімасар шатқалы, Бутаков шатқалы, Oi-Qaragai Lesnaya Skazka тау қонақ курорты және Pioneer тау-сауық кешені кіреді.

Жаңа арқанжолдар мен трассаларды салу бірнеше кезеңде жүргізілмек. Яғни, 2025 жылдың 4-тоқсанынан бастап 2028 жылдың соңғы тоқсанына дейін. Жобаны әзірлеуден бастап тапсыруға дейінгі жалпы қаржыландыру көлемі 171,9 миллиард теңге болмақ, оның ішінде республикалық бюджеттен 167,7 миллиард теңге және жергілікті бюджеттен 42 миллиард теңге бөлінеді.

Сондай-ақ жоспарда курорттарға қатысты басқа да шаралар жүргізіледі:

  • Су құбырларын тарту – 16,9 миллиард теңге;
  • Электр желілері мен қосалқы станцияларды салу – 16 миллиард теңге;
  • Тау туризміндегі негізгі нысандарға жолдарды қайта жөндеу (мысалы, “Медеу” мұз айдынынан Тұйық Су, “Медеу”– Кимасар шатқалына немесе “Тау Самалдан” Pioneer кешеніне дейін) – жалпы 82,6 миллиард теңге.

Бұл шығындардың көп бөлігі бюджет қаражатынан өтеледі.

Жеке инвестициялар есебінен:

  • Ski & Spa Resort туристік базасы (81 нөмірлі қонақжай және 5 қонақ коттеджі, 15 заманауи қонақ үй);
  • Бутаков шатқалында Tau Hub визит-орталығы, Medeu Park Hotel қонақ үй кешені салынады.

Тау кластеріндегі инвестициялық жобалардың жалпы құны – 122 миллиард теңге.

Барлығы 73 шараға жұмсалатын шығын 526 миллиард теңге. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджеттен – 190 миллиард теңге;
  • Жергілікті бюджеттен – 96,6 миллиард теңге;
  • Жеке инвестициялар есебінен – 238,9 миллиард теңге.
Айым Болатқызы
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 18:10