“Меломен” тобының мүшесі алғаш рет балалы болды

“Меломен” тобының мүшесі Ролан Қазретов “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында отбасындағы сүйінші жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жақында алғаш рет әке атанып, қызын бауырына басқан.
“12 жыл дегенде қызды болдық. Тұңғыш қыз. Алла сынақты берген кезде оған төтеп беретін күшті де өзі береді екен ғой. Елдер жұбайым екеумізге “Қанша жыл шыдадыңдар, екеуің мықтысыңдар” деп айтып жатыр, бұл біздің мықтылығымыз емес, Алланың берген күші деп ойлаймын. Тұңғышымды қолыма алып, әке атанудың ерекше сезім екенін түсініп жатырмын. Балалы жандардың жағдайын енді жақсырақ түсіндім. Жақындарымның тілектері мен жұбайым екеуміздің шыдамымыздың арқасында осы бақытты күнді сезінудеміз”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін “Меломен” тобының әншісінің бұрынғы әйелі ажырасуға нақты не себеп болғанын жайып салғаны хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды