"Меломан-MARWIN" компаниясының қызметкерлері жаппай жұмыстан босатылып жатыр
"Меломан-MARWIN" компаниясының қызметкерлері жаппай жұмыстан босатылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: yandex.com
Екі компанияның бірігуінен кейін дүкендер желісінің құрылымын оңтайландырып жатқаны хабарланды. Алайда компанияда қанша қызметкердің жұмыстан босатылғаны нақты айтылмады.
Aqniet Group басқарушылық лауазымдардың қайталануына байланысты ұйымдық құрылымды қайта қарау қажеттілігі туындағанын мәлімдеді. Бұл оңтайландыру әсіресе әкімшілік қызметтерге әсер етіп, қайталанатын лауазымдарды қысқартуды көздейді.
Қазақстан ұлттық компанияларындағы жаппай қысқартулар: Соңғы 5 жылда қанша адам жұмыстан шығарылды?
Сонымен қатар, компания цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Дегенмен, дүкендердің тұжырымдамасы өзгеріссіз қалады деп сендірді.
Еске салайық, осыған дейін Aqniet Group компаниясы “Меломан-Marwin” компаниясының активтерінің 50%-ын сатып алып, “Меломан" және “MARWIN” брендтеріне иелік еткен болатын.