Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Меллстрой Гейм Серікұлы": Қазақстандық пәтер ұтып алу үшін ресми түрде аты-жөнін өзгерткен (видео)

Видеодан скрин

Қазақстандық пәтер ұтып алу үшін ресми түрде аты-жөнін өзгерткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық Сейфулла Серікұлы ресми түрде тегі мен есімін Mellstroy.game деп өзгерткен. Ер адам мұндай қадамға Mellstroy лақап атымен танылған белорус блогері Андрей Бурим өткізген пәтер ұтысына қатысу үшін барғанын айтады.

“Андрей, біз сенің байқауыңа қатысып жатырмыз. Тегімді Mellstroy, ал атымды Game деп өзгерткім келеді. Мен Қазақстаннанмын. Қатты қобалжып тұрмын, мұндай қадамға алғаш рет барып отырмын”, – дейді ер адам Instagram желісінде жарияланған видеода. 

Видеода қазақстандық халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып, аты-жөнін Меллстрой Гейм Серікұлы болып өзгерткені көрсетілген. Тегін ауыстыру үшін ер адамнан ата-анасының келісімі талап етілген. Қазақстандық 10 күн ішінде жаңа есімі жазылған жеке куәлігін көрсетуге уәде берді.

Еске салсақ, бұған дейін дәл осы блогерден пәтер ұтып алу үшін сауда үйінде ішкиіммен жүгірген қазақстандық ер адам 15 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 21:59
Талқылау