Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мектептен қараңғыда қайту қауіпті": Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды талап етті

Танымал әнші Жазира Байырбекова уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Өнер иесі билік өкілдеріне үндеу жасады. 

“Уақытты қайтарыңдар! Мектептен, балабақшадан балалар шыққанша қап-қараңғы. Заң шығарушылардың балаларында жүргізуші мен бала күтушілері бар. Ал қарапайым халықтың бәрінде ондай мүмкіндік бола бермейді. Мектепке өздері барып келетін оқушылардың үйіне қараңғыда оралуы қауіпті екенін неге ескермейді уақытты өзгертушілер?! Неге сағатты жылжытты?! Кім біледі?!”, – деп жазды әнші.



Еске салайық, бұған дейін депутаттар уақыт белдеуі мәселесі мәжіліс отырысында қаралатынын айтты. 1 наурызда Қазақстанның барлық аймағы бір уақыт белдеуіне ауысты. Алайда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарыққа көп шығындалатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағат артық пайдаланған. Бұдан бөлек бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинағаны туралы жазған едік. Ал министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.

Талқылау