16 жасар бала 7 сынып оқушыларына балтамен шабуыл жасап, мектепті өртеп жібермекші болды (видео)
Жасөспірім бала жетінші сынып оқушыларына балтамен шабуыл жасап, кейін ғимаратты өртеп жібермекші болды. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің облыстық басқармасы сайтында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Улан-Удэдегі мектептердің бірінде болған шабулға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Анықталған деректермен «Кәмелетке толмағандарға қатысты екі немесе одан да көп адамды өлтіруге әрекет жасау» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Таңертеңгі уақытта Сосновый Бор ауданында 9 сынып оқушысы 7сынып оқушыларына балтамен шабуыл жасап, кейін от тұтатқыш бөтелкесіндегі сұйықтықты қолданып мектепті өртеп жібермекші болған.
Нәтижесінде, 6 оқушы және мұғалім зардап шекті.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға кінәлі 9 сынып оқушысы ұсталып, ауруханаға жатқызылды. Бүлік шығарған оқушыны полицейлер ұстаған сәттегі видео жарияланды.
Тағы оқыңыз:
Өзбекстан әскері қалайша Орталық Азиядағы мықты державаға айналды
Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты
Бір адам мерт болды: Алматыда жол апатын жасаған Range Rover көлігінің күл талқаны шықты
Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады