Мектеп оқушысы сөмкесін үйде ұмытып кеткені үшін өз-өзіне қол жұмсады
Манчестерде 12 жастағы Тирез Глазго сөмкесін үйінде қалдырып кеткені үшін өз-өзіне қол салған.
Ол мектепке келген кезде барып оқулықтар салынған сөмкесін үйде ұмыт қалдырғанын бір-ақ байқайды. Осыдан соң өзіне айтылатын ескертуден қатты қорыққан жасөспірім, өз-өзіне қол жұмсаған.
Баланың денесін анасы тауып алады. Ол сабақты жақсы оқыған және ұстазынан еш ескерту алмаған бала болыпты.
Тирездің анасы Кэти Кросстың айтуынша, баласы мектепке кешігуден және нашар баға алып қалудан қатты қорқыпты. Бірақ, әйел ешқашан баласы қорыққаннан өзін-өзі өлтіреді деп ойламаған.
Тирез жаны жайсаң бала болғанына қарамастан, ата-анасының ажырасып кетуі оған қатты соққы болып тиген.
Оқи отырыңыз:
Ұшақ жолаушысы сапар кезінде өзінің туған ұлына жыныстық қысым көрсетпекші болды деп айыпталды
Көркімен таңдай қақтырған моңғол қызы әлем бойынша супермодель атанды (фото)
Циркте өнер көрсетіп жатқан аю кенеттен көрермендерге шабуылдады (видео)
Арабтар Рамазан айымен ерекше тәсіл арқылы құттықтады (видео)